15
ноябрь
2022
Қыздарға кеңес

•1. Мұңаймаңыз. Қандай қиыншылық кездессе де, үміт үзбеңіз.
Ол қалаған оқуға түсе алмау, отбасындағы жағдайлар сияқты мәселелер болуы мүмкін. Бұйырған кетпейді.
•2. Қарапайым болыңыз. Қарапайымдылық – қыздың ең жақсы қасиеті.
Жан-дүниеңіз де, сыртқы келбетіңіз де қарaпайым болсын.
•3. Білімге ұмтылыңыз. Білімге құштар болыңыз. Білім – сіздің өрісіңізді кеңейтіп, ақыл парасатыңызды арттырады.
•4. Жақсы достар. Сізді теріс істерге итермелеп, жаман жолға апаратын
достардан аулақ болыңыз.
•5. Еңбекқор болыңыз. Жалқаулық – адамның жауы. Жетістікке тек адал
төгілген маңдай тер мен еңбектің арқасында жетеді. Қандай істе болсын, табандылық танытыңыз.
Әрбір нәрседен тек жақсы жағын алып, жаман жағы сізге сабақ болсын.
Бұл нәрсе мені өсіре ме, өшіре ме, қайтсем айналама пайдам тиер екен?
деген сауал көкейіңізде жүрсін.
Педагог -психолог А.Акимжанова