Ата-аналарға - Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі https://ualihanov-panfilov.mektebi.kz/ ru Ата-аналарға - Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі DataLife Engine Ата-аналарға кеңес https://ualihanov-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/ata-analara-psiholog-kees/305-ata-analara-kees.html https://ualihanov-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/ata-analara-psiholog-kees/305-ata-analara-kees.html ]]> ]]> admin Wed, 01 Feb 2023 21:09:48 +0600 мамандық таңдау туралы кеңес https://ualihanov-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/100-mamandy-tadau-turaly-kees.html https://ualihanov-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/100-mamandy-tadau-turaly-kees.html Мамандық таңдаудың 7 қадамы
1 қадам Байыппен бағдарлай біліңіз
Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық
мамандық қызықтыруы мүмкін. Біреулер «туғаннан маңдайына жазылған» ата - анасының жолын қуады.
Біреулер жоғары оқуорнына ең жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, аленді біреулер үйіне жақын оқу ғимаратына құжат тапсыруға асығады.
Мамандықтаң дауадам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен былайша атүсті қараужеңілтектіктің белгісі.
Сондықтан бұл мәселенің шешімін мүмкіндігіңіз шеаса мәнберіп, байыппен қабылдаңыз.
2 қадам Дұрысшешімөзқолыңызда
Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз.
Ата - аналардың, достарыңыздың ықпалынан шығаалмай қалмаңыз, олар не айтсада,
бұл – сіздің тағдырыңыз.
3 қадам Бейімділігіңізді ескеріңіз
Бастапқыда өз қалауыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз?
Мектеп бағдарламасынан қай пән ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз?
Адамдармен, әсіресе бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Сіздің бейміділігіңізге көп нәрсе байланысты.
4 қадам Өзіңізді сынақтан өткізіңіз
Бәрінен бұрын өзіңізді өз ой елегіңізден өткізіңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан мен нені қалаймын?
Бес жылдан кейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып,
болашақ мамандығыңыз туралы көп нәрсе білуге тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерін
 іс барысында көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын мекемелерге экскурсияға шығыңыз.
 Программист болғыңыз келсе, компьютерлік ойындарды ғана қанағат тұтпай, ең болмаса
бір қарапайым бағдарлама жазып көріңіз. Дайындық курстарына жазылсаңыз тіпті жақсы.
Ең дұрыс тәсіл жазғы каникул кезінде өзіңізді қызықтыратын саланың ең кіші қызметкері болып
жұмысқа тұрсаңыз, таңдауыңыздың дұрыс - бұрыстығына көзіңіз анық жетер еді.
5 қадам Сұранысты да назарда ұстаңыз
Болашақ мамандығыңыздың еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білуде пайдалы.
Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған конкурстарда, интернеттің еңбекке орналастыру
сайтында қандай мамандықтарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген
 болжамдардың да маңызы бар.
 Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызды қай жоғары оқу орнында қалай
 даярлайтынын анықтаңыз. Дегенімен, нарық қажеттілігі құбылмалы. 3 - 5 жылдан кейін мүлдем басқаша болуы мүмкін.
Демек, жүрегіңіздің таңдауына жүгінгеніңіз абзал.
6 қадам Мамандар не дейді?
Егер күдік - күмәннан арыла алмасаңыз, онда мамандардың көмегін пайдаланыңыз.
Мұндай кезде мектеп психологы немесе психолог - кеңесші мамандар жәрдемдесе алады. Сондай - ақ, қабілетіңіз бен бейімділігіңізді анықтауға көмектесетін арнайы психологиялық тесттер де бар.
7 қадам Қорытынды шешім
Мәліметтерді жинастыра келіп, өзіңіз ұнаған негізгі 5 - 10 позицияның тізімін жасаңыз. Одан кейін парағыңызды екі бөлікке бөліп, плюс және минус жақтарын тізіп, сынақ тәсілін жүргізіңіз.
Көңіліңізге қонбайтынын сызып тастаңыз.
 Тізімде 3 пункт қалған кезде тағы да қосымша ой елегінен өткізіп – ең соңғы шешім қабылдаңыз.

Мектеп психологтары  А.Акимжанова 
                            М.Сайдахметов 
 ]]>
admin Tue, 17 Jan 2023 17:20:19 +0600
Ата-анаға кеңес https://ualihanov-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/ata-analara-psiholog-kees/97-ata-anaa-kees.html https://ualihanov-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/ata-analara-psiholog-kees/97-ata-anaa-kees.html Ата –аналарға кеңес
vБаланы үнемі сынай берсе, ол жеккөруді үйренеді;
vЕгер бала өшпенділікте өссе, ол қатыгездікті үйренеді;
vЕгер де балаға күле берсеңіз, ол тұйық болып өседі;
vЕгер баланы сөге берсеңіз , онда ол кінәлі сезіммен өседі;
vЕгер баланы әлпештей берсе, ол өзімшіл болып өседі;
vЕгер бала шыдамдылықпен өссе, онда ол басқаларды қабылдауды үйренеді;
vЕгер баланы қолдап тұрса, онда ол өзіне сенуді үйренеді;
vЕгер баланы мақтаса, онда ол игілікті болып өседі;
vЕгер бала шындықта өссе, онда ол әділетті болып өседі;
vЕгер бала қауіпсіздікте өссе, онда ол адамдарға сенуді үйренеді;
]]>
admin Thu, 15 Dec 2022 13:19:48 +0600
Ата -анаға кеңес https://ualihanov-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/ata-analara-psiholog-kees/96-ata-anaa-kees.html https://ualihanov-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/ata-analara-psiholog-kees/96-ata-anaa-kees.html Емтиханға дайындық: ата-аналарға кеңестер

1. Балаңыздың емтиханда алатын балл санына аса алаңдамаңыз, және емтиханнан кейін балаға сын тақпаңыз. Балаға балл саны оның мүмкіндіктерінің ең жетілген өлшемі емес екендігі туралы пікір ұялатуға тырысыңыз.

2. Емтихан алдында баланың алаңдаушылығын күшейтпеңіз – бұл тестілеу нәтижесіне кері әсер етуі мүмкін. Ата-ананың толғанысы үнемі балаға беріледі, сондықтан дәл сын сағатта ата-аналар өздерінің эмоцияларына ерік бермей, қолда ұстаса, бала өзінің жас ерекшеліктеріне байланысты өзін ұстай алмай қалуы ықтимал.

3. Баланы жігерлендіріп отырыңыз, бір нәрсені жақсы істесе ол үшін міндетті түрде мақтап отырыңыз.

4. Олардың өзіне деген сенімін арттыруға көмектесіңіз, өйткені бала сәтсіздіктен қорыққан сайын, оның қате жіберу қаупі арта береді.

5. Баланың денсаулығын бақылап жүріңіз. Баланың шаршауына байланысты жағдайының нашарлағандығын уақтылы байқап, оны болдырмау Сізден басқаның қолынан келмейді.

6. Баланың дайындалу режімін бақылаңыз, өзін асыра жүктеп жіберуіне жол бермеңіз, дайындығын міндетті түрде демалыспен кезектестіру қажеттігін түсіндіріңіз.

7. Үйде дайындалуға арналған жайлы орын бөліп беріңіз. Үй ішіндегілер оған кедергі жасамауына көңіл аударыңыз.

8. Баланың не жеп жүргеніне көңіл бөліңіз: қарқынды ой жүктемелері кезінде оған нәрлі және әртүрлі тамақ, дәрумендердің балансқа келтірілген кешені қажет. Балық, ірімшік, жаңғақ, кептірілген өрік сияқты тағамдар мидың жұмысын күшейтеді.

9. Балаға дайындық тақырыптарын күндерге бөлуге көмектесіңіз.

10. Баланы емтиханға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Барлық материалды түгелімен жаттаудың еш қажеттігі жоқ, материалдың негізгі тұстарын шолып, оның мәні мен логикасын ұғып алса жеткілікті. Оқылып жатқан материалдарды жоспар бойынша реттей отырып, сызбалық көшірмелер мен кестелер жасап алған өте пайдалы. Егер бала білмесе, оны іс жүзінде қалай істеуге болатындығын көрсетіңіз. Негізгі формулалар мен анықтамаларды парақтарға жазып алып, жазу үстелінің, кереуетінің үстіне, асханаға, т.б. жерлерге іліп қоюға болады.

11. Пән бойынша тестілік тапсырмалардың әртүрлі нұсқаларын дайындап қойыңыз. Баланы тестілеуге дайындаудың мәні зор, өйткені оның әдеттегі жазба және ауызша емтихандардан айырмашылығы көп.

12. Баланы тестілік тапсырмалар бойынша дайындық кезінде алдын-ала уақыт мәселесін естен шығармауға, оны тиімді жұмсай білуге үйретіңіз. Сонда бала да тестілеудің бүкіл уақытында өзін жұмысқа жұмылдыруға үйренеді, бұл балаға сенім ұялатып, орынсыз алаңдаушылықты болдырмауға ықпал етеді. Бала сағат тақпайтын болса, емтиханға міндетті түрде сағат тағып барсын.

13. Емтиханның алдында баланың жақсылап демалуын қамтамасыз етіңіз, ол әбден тынығып, ұйқысы қанып тұруға тиіс.


 

                                      Мектеп психологтары:  А.Акимжанова 

                                                                         М.Сайдахметов 







Тақырыбы: «Балаңыздың болашағын шешуге дайынсыз ба?».
 Мақсаты:«Мамандықты дұрыс таңдау» тақырып бойынша  кеңес беру. Ата-аналарды балаларының болашақта мамандық тандауды дұрыс жасауына керекті мәлімет және ақпараттармен қамтамасыз ету. 
 1. Психолог: Оқушылардың қабілеттері мен бейімдерін шыңдауда мектеп ұжымы аянбай жұмыс жасауда, әр баланың өмірдегі өз орнын табуына барынша көмек көрсетіп келеді.Дұрыс таңдалған мамандықтың оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес келуі, болашақта оған қуаныш пен қанағат сезімін сыйлайды. Заман ағымына қарай, қоғамда түрлі мамандыққа 
сұраныс өзгеріп отырады, солай болған жағдайда да, оқушылардың өз қажеттіліктері мен қабілеттеріне сай, мамандық таңдауға дер кезінде ақпараттық көмек беру керекпіз.
 
 

Құрметті ата- аналар! Мамандық таңдауда  мынадай ережелерді   есте сақтаған жөн:

  • Барынша көптеген мамандықтарды зерттеу керек және тіршлік еткен аймақта қандай мамандықтар керектігін анықтау қажет;
  • Өзін-өзі зерттеу маңызды (қызығулар, мінез ерекшеліктері, бейімділіктер, өзін-өзі бағалау, талаптану деңгейі);
  • Өзіне ұнамды және ыңғайлы мамандықты таңдауы тиіс;
  • Таңдаған мамандықты зерттеу;
  • Таңдаған мамандық бойынша өз күшін байқап көру;

Мамандық туралы жетік білмеу-мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеледі. Оның соңы таңдаған мамандығы өзіне ұнамай, жұмыс орнын жиі өзгертуге әкеліп соқтырады.осы жағдайға байланысты ата-аналарға  төмендігі жадынама ұсынғым келеді.

  • Баланың өз қалауымен мамандық таңдауына мүмкіндік беру;
  • Баланың өзі таңдаған мамандықтың  пайдасы мен кері әсерлерін бірлесе шешуге тырысу;
  • Болашақ мамандықты таңдау кезінде материалдық жағынан пайдасы мол  мамандықтарды ғана емес, соынмен қатар  моральдық сезімдерді қанағаттандыратын  мамандықтарды да қарастыру;
  • Егер мамандық таңдау кезінде баланы эмоционалдық қысымға алмау;
  • Егер баланың тілегі мен шыдамы бойды алып бара жатса, көмек беріп, әңгімелесу;
  • Егер бала мамандық таңдау кезінде қателессе, ол үшін баланы жазаламау, қайта қатені түзетуге ұмтылу;
  • Егер ата-ана баласының қандай да бір мамандықпен айналысып, жұмыс жасай бастағанын байқаса, онда балаға қолдау көрсету керек.

Мамандық таңдау-әркімнің өз жүрек қалауы.  Жүрек қалауымен таңдалған мамандық биік шыңдарға жетелері анық.



Мамандык таңдау бойынша окушылар мен ата-аналарға арналған жадынама.

Мамандық тандау — өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық тандай отырып алдымен баланың қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына қарау керек, содан кейін барып жанұялық салтпен санасуға болады.

  1. Балаңыздың болашақ мамандығын өзі таңдауына мүмкіндік беріңіз.
  2. Оның тандаған мамандығына деген қарсылық пен қолдауды бірге отырып талқылаңыз.
  3. Мамандық тандар кезде тек материалдық пайданы ғана ойламай, балаңыздың рухани қанағаттануын да естен шығармаңыз.
  4. Болашақ мамандық таңдар кезде балаңыздың сол кәсіпке деген жарамдылығын да байқаңыз.
  5. Егер мамандық тандау барысында қарамақайшылықтуыңдап жатса, кеңесші амандармен ақылдасыңыз.
  6. Мамандық тандауда балаңызды қыспалай бермсңіз, әйтпесе бұл жан жалға әкеп соқтыруы мүмкін.
  7. Балаңыздың арманы орындалу үшін оған барынша қолдау көрсетуге тырысыңыз.
  8. Егер балаңыз мамандық тандауда қателескен болса, ол үшін кінәламаңыз, оны жөндеуге болады..
  9. Егер балаңыз қандай да бір мамандыққаертеден әуестене бастаса, оған үйірмелер, әдебиеттер, әр түрлі сабақтардың көмегімен осы қызығушылығын сақтауға мүмкіншілік беріңіз.
  10. Балалар өз ата-аналарының мамандығына қатысты маман таңдауы да мүмкін екенін есіңізге алыңыз. 


Қорытынды

Ең бастысы   мамандық таңдау — баланың өз мамандығына деген қарым-қатынасы мен өз ісіне дсген сүйіспеншіліктентуындамақ. Болашақ мамандық тандау кезінде үлкендердің көмектескеніне қарамастан, соңгы шешімді баланың өзі қабылдайды және одан арғы жауапкершілікті де өз мойнына алады. Әр мамандық өзінше тартымды, өзінше ерекше, қажетті болып саналады. Бірақ сол мамандықтардың ішінен жастардың өзіне сай   мамандықты  дұрыс  таңдауына  ықпал  ететін  ата- аналар өздерінің ақыл-кеңестерін ортаға салып, балаларды дұрыс бағыттап, тура жолға салып жіберсе, нұр үстіне нұр болар еді.


                                      Мектеп психологтары:  А.Акимжанова 

                                                                         М.Сайдахметов 

]]>
admin Mon, 05 Dec 2022 13:15:15 +0600
Ата-аналар жиналысы https://ualihanov-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/277-ata-analar-zhinalysy.html https://ualihanov-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/277-ata-analar-zhinalysy.html ]]> ]]> admin Thu, 03 Nov 2022 12:50:27 +0600 Ата-аналар жиналысы https://ualihanov-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/276-ata-analar-zhinalysy.html https://ualihanov-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/276-ata-analar-zhinalysy.html
]]>

]]>
admin Mon, 10 Oct 2022 12:45:57 +0600
Ата-ана https://ualihanov-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/ata-analara-psiholog-kees/32-ata-ana.html https://ualihanov-panfilov.mektebi.kz/roditelyam/ata-analara-psiholog-kees/32-ata-ana.html admin Wed, 23 Feb 2022 18:22:45 +0600