18
апрель
2022
Шығармашылық топ мүшелері Б.М.Бекенова мен Б.О.Жикееваның бастауыш сынып бірлестігімен «Қысқа мерзімді жоспарлау үздік нәтижелерге жетудің негізі»
«Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығармашылық топ мүшелері Б.М.Бекенова мен Б.О.Жикееваның бастауыш сынып бірлестігімен «Қысқа мерзімді жоспарлау үздік нәтижелерге жетудің негізі»
тақырыбы бойынша өткізген 1-жұмысына
АНЫҚТАМА
2020-2021 оқу жылы
Мақсаты: Қысқа мерзімді жоспарды құруда өз тәжірибесін жетілдіру және дамыту жолдарын үйрену.
Шығармашылық топ мүшелері Б.М.Бекенова мен Б.О.Жикеева 2021-жылдың қазан айында «Қысқа мерзімді жоспарлау үздік нәтижелерге жетудің негізі» тақырыбы бойынша бастауыш сынып бірлестігінің мұғалімдерімен теория жүзінде кездесу өткізді.
Шеберлік сынып барысында, мұғалімдерге ҚМЖ-ға енгізілген Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 Бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына
2-қосымша бойынша өзгерістер туралы түсіндірді. Бұл ретте педагогтың не істеуіне болатынын атап шықты.
Қысқа мерзімді жоспарды жасау үшін ұстаздың шеберлігі мен оның шығармашылығы қажет болады. Кез келген проблеманың шешу жолы бар. Қысқа мерзімді сабақ жоспарын тез, оңай жасаудың жолы және сол жерде ескеретін ең негізгі басты 5 фактіні (қағиданы)
жеке-жеке ашып түсіндірді.
1-қағида, ең алдымен сіз, ҚМЖда сабақ мақсатын дұрыс құру керексіз. Сабақ мақсатын дұрыс құру сабағыңыздың мақсатына жетудің 50% кепілдігі. Қалғаны сабақ мақсатынан кейінгі оқу құрылымына байланысты болады. Сіз жаңадан ҚМЖ жасап жүрген болсаңыз сабақ мақсатындағы барлығы, басым көпшілігі, кейбірі деңгейінің барлығын алмай, стандартты деңгей барлығы деңгейінің яғни білу, түсіну деңгейін жүзеге асыру ең басты мақсатыңыз болып табылады. Тек үлгі (ашық) сабақ кезінде бұл деңгейлердің үшеуінде жүзеге асыруға міндеттісіз. Ашық сабақ сіздің шеберлігіңізді, шығармашылығыңызды көрсететін сәт.
2-қағида, Саралап оқыту. Саралап оқыту кезінде алдыңызда отырған оқушының мүмкіндіктері мен мүддесін, қабілеті мен қызығушылығын, ерекшеліктерін ескеру керексіз. Мысалы, ресурстарды беру кезінде қандай қызығушылықтары бар, тапсырманы құрған кезде қандай ерекшеліктері барын ескеріп оқыту керексіз. Сонымен бірге уақытты ескеруге міндеттісіз. Себебі, сабақты қорытындылап, бағалап үлгермейсіз.
3-қағида, бағалау критерийлерін тапсырмалармен байланыстыру. Бұл кезде нені ескеру керек? 1-Алгоритм. (1-бағалау критерийлері, 2-дескриптор, 3-тапсырмалар құру). Ешқашан тапсырманы бірінші құрмаңыз. Осы алгоритм бойынша жүрсеңіз олар бір-бірімен сабақтаса байланысатын болады.
4-қағида, тапсырмаларға қажетті әдіс-тәсілдерді жүйелеу. Бұл не үшін қажет? Әдіс-тәсілдерді бір шаблонға салып, жүйелеп алғаныңыз дұрыс. Бұл сіздің сабақ өнімділігіңізді екі есе арттырады. Яғни сіз, тапсырманы қай жерден алу керектігін біліп отырасыз.
5-қағида, сіз ең алдымен оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын құрып алу керексіз. Сыныпқа кірген кезде оқушы жақсы көңіл күйде болғаны дұрыс. Ол үшін түрлі тәсіл (анекдот,қызықты әңгіме, ситуациялық сұрақтар) арқылы сіз оқушылардың ортасына енуіңіз керек. Осы оқушылардың сенімділігін арттырады да, сіздің ары қарай жұмыс жасауыңызды жеңілдетеді.
Бес қағидатты кезең-кезең бойынша жеке-жеке тоқтала отырып көрсетіп, түсіндіріп шықты.
Қорыта айтқанда, ең жақсы жоспар, ол жүзеге асырылған жоспар екенін, сабақ мақсатына негізделген жоспардан артық жоспар болмайтынын ескертті.
Шығармашылық топтың бастауыш сынып мұғалімдерімен өткізген «Қысқа мерзімді жоспарлау үздік нәтижелерге жетудің негізі» тақырыбы бойынша өткізген жұмыстары өз дәрежесінде өтті. Жас мұғалімдер де, тәжірибелі мұғалімдер де өздеріне қажетті мәліметтерін алды.