Шығармашылық топ мүшелері Б.М.Бекенова мен Б.О.Жикееваның бастауыш сынып бірлестігімен «Қысқа мерзімді жоспарлау үздік нәтижелерге жетудің негізі» тақырыбы бойынша өткізген 1 » Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Шығармашылық топ мүшелері Б.М.Бекенова мен Б.О.Жикееваның бастауыш сынып бірлестігімен «Қысқа мерзімді жоспарлау үздік нәтижелерге жетудің негізі» тақырыбы бойынша өткізген 1
25
апрель
2022

Шығармашылық топ мүшелері Б.М.Бекенова мен Б.О.Жикееваның бастауыш сынып бірлестігімен «Қысқа мерзімді жоспарлау үздік нәтижелерге жетудің негізі» тақырыбы бойынша өткізген 1

«Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 
Шығармашылық топ мүшелері Б.М.Бекенова мен Б.О.Жикееваның бастауыш сынып бірлестігімен «Қысқа мерзімді  жоспарлау үздік  нәтижелерге жетудің  негізі»
тақырыбы бойынша өткізген 1-жұмысына
АНЫҚТАМА
2020-2021 оқу жылы
 
 
Мақсаты:  Қысқа мерзімді жоспарды құруда өз тәжірибесін жетілдіру және дамыту жолдарын үйрену.
        Шығармашылық топ мүшелері Б.М.Бекенова мен Б.О.Жикеева 2021-жылдың қазан айында «Қысқа мерзімді жоспарлау үздік нәтижелерге жетудің негізі» тақырыбы бойынша бастауыш сынып бірлестігінің мұғалімдерімен теория жүзінде кездесу өткізді.
     Шеберлік сынып барысында, мұғалімдерге ҚМЖ-ға енгізілген Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 Бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына   
   2-қосымша бойынша өзгерістер туралы түсіндірді. Бұл ретте педагогтың не істеуіне болатынын атап шықты.  
Қысқа мерзімді жоспарды жасау үшін ұстаздың шеберлігі мен оның шығармашылығы   қажет болады. Кез келген проблеманың шешу жолы бар. Қысқа мерзімді сабақ жоспарын тез, оңай жасаудың жолы және сол жерде ескеретін ең негізгі басты 5 фактіні (қағиданы)
 жеке-жеке ашып түсіндірді.
1-қағида, ең алдымен сіз, ҚМЖда сабақ мақсатын дұрыс құру керексіз.  Сабақ мақсатын дұрыс құру сабағыңыздың мақсатына жетудің 50% кепілдігі. Қалғаны сабақ мақсатынан кейінгі оқу құрылымына байланысты болады. Сіз жаңадан ҚМЖ жасап жүрген болсаңыз сабақ мақсатындағы барлығы, басым көпшілігі, кейбірі деңгейінің барлығын алмай, стандартты деңгей барлығы деңгейінің яғни білу, түсіну деңгейін жүзеге асыру ең басты мақсатыңыз болып табылады. Тек үлгі (ашық) сабақ кезінде бұл деңгейлердің үшеуінде жүзеге асыруға міндеттісіз. Ашық сабақ сіздің шеберлігіңізді, шығармашылығыңызды көрсететін сәт.
2-қағида, Саралап оқыту. Саралап оқыту кезінде алдыңызда отырған оқушының мүмкіндіктері мен мүддесін, қабілеті мен қызығушылығын, ерекшеліктерін ескеру керексіз.  Мысалы, ресурстарды беру кезінде қандай қызығушылықтары бар, тапсырманы құрған кезде қандай ерекшеліктері барын ескеріп оқыту керексіз. Сонымен бірге уақытты ескеруге міндеттісіз. Себебі, сабақты қорытындылап, бағалап үлгермейсіз.
3-қағида, бағалау критерийлерін тапсырмалармен байланыстыру. Бұл кезде нені ескеру керек? 1-Алгоритм. (1-бағалау критерийлері, 2-дескриптор, 3-тапсырмалар құру). Ешқашан тапсырманы бірінші құрмаңыз. Осы алгоритм бойынша жүрсеңіз олар бір-бірімен сабақтаса байланысатын болады.
4-қағида, тапсырмаларға қажетті әдіс-тәсілдерді жүйелеу. Бұл не үшін қажет?  Әдіс-тәсілдерді бір шаблонға салып, жүйелеп алғаныңыз дұрыс. Бұл сіздің сабақ өнімділігіңізді екі есе арттырады. Яғни сіз, тапсырманы қай жерден алу керектігін біліп отырасыз.
5-қағида, сіз ең алдымен оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын құрып алу керексіз. Сыныпқа кірген кезде оқушы жақсы көңіл күйде болғаны дұрыс. Ол үшін түрлі тәсіл (анекдот,қызықты әңгіме, ситуациялық сұрақтар)  арқылы сіз оқушылардың ортасына енуіңіз керек. Осы оқушылардың сенімділігін арттырады да, сіздің ары қарай жұмыс жасауыңызды жеңілдетеді.
Бес қағидатты кезең-кезең бойынша жеке-жеке тоқтала отырып көрсетіп, түсіндіріп шықты.    
     Қорыта айтқанда, ең жақсы жоспар, ол жүзеге асырылған жоспар екенін, сабақ мақсатына негізделген жоспардан артық жоспар болмайтынын ескертті.
       Шығармашылық топтың бастауыш сынып мұғалімдерімен өткізген «Қысқа мерзімді жоспарлау үздік нәтижелерге жетудің негізі» тақырыбы бойынша өткізген жұмыстары өз дәрежесінде өтті. Жас мұғалімдер де, тәжірибелі мұғалімдер де өздеріне қажетті мәліметтерін алды.  
«Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 
Шығармашылық топ мүшелері Б.М.Бекенова мен Б.О.Жикееваның бастауыш сынып бірлестігімен «Математика және Қазақ тілі пәндерінің қысқа мерзімді  жоспарлары»
тақырыбы бойынша өткізген практикалық 2-жұмысына
АНЫҚТАМА
2020-2021 оқу жылы
 
Мақсаты:  шығармашылық топтың Математика және Қазақ тілі пәндерінен жазған қысқа мерзімді жоспарларын қорғау. 
      Сабақтың өзгеше өтуі, яғни дәстүрлі емес сабақтың өтуі мұғалімнің жоспарды құруынан басталады. Жаңаша білім беру бағдарламасы маңызды үш құжаттан тұрады: бағдарлама, ұзақ мерзімді жоспар, орта және қысқа мерзімді жоспар.
  Ұзақ мерзімді жоспар білім беру деңгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды. Яғни, ұзақ мерзімді жоспар – бұл оқу бағдарламасының жалғасы, онда пәннің негізгі мазмұны нақтыланады.
   Орта мерзімді жоспар – ол белгілі тақырыпқа сай тізбектелген сабақтар жоспары, яғни, сол тақырыпқа тән бөлінген сағаттардың жұмыс сызбасы. Бұл жоспарды мұғалім жеке сынып үшін пайдаланады.
     Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеуді қамтамасыз ету – қысқа мерзімді жоспарда жоспарланады. Қысқа мерзімді жоспар орта мерзімді жоспардың құрамындағы бір тақырыпқа байланысты, оқушыға арнап құрылған сабақ жоспарының формасы немесе үлгісі. Яғни, Қысқа мерзіміді жоспар – жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады.
    Қысқа мерзімді жоспарды құрып отырғанда мұғалімнің алдында төменгі сұрақтарға жауап болу керек:
  • Оқушылар нені білу керек?
  • Қандай түйінді идеяларды түсінуі керек?
  • Қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?
 
   Осы сұрақтарды басшылыққа алған топ мүшелері өздерінің қысқа мерзімді жоспарларымен таныстырып,
  • оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдану;
  • тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша түрлі жұмыс түрлерін дайындау;
  • төрт дағдыны қалыптастыру үшін ұсынылатын оқу материалдарымен ресурстарды оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алу;
  • уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру;
  • жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін рефлексия ұйымдастыру;
  • сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау;
  • оқушыларға өзін-өзі тексеруге және бағалауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар дайындау;
  • тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасын әзірлеу дегендей,
      Міне, сабақтың жоспарын осы сұрақтарға жауап беретіндей етіп және сабақ құрудың міндеттерін ескере отырып жоспарласақ, нәтижеге жетеміз, - деп қорғап шықты.