мамандық таңдау туралы кеңес » Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » мамандық таңдау туралы кеңес
17
январь
2023

мамандық таңдау туралы кеңес

Мамандық таңдаудың 7 қадамы
1 қадам Байыппен бағдарлай біліңіз
Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық
мамандық қызықтыруы мүмкін. Біреулер «туғаннан маңдайына жазылған» ата - анасының жолын қуады.
Біреулер жоғары оқуорнына ең жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, аленді біреулер үйіне жақын оқу ғимаратына құжат тапсыруға асығады.
Мамандықтаң дауадам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен былайша атүсті қараужеңілтектіктің белгісі.
Сондықтан бұл мәселенің шешімін мүмкіндігіңіз шеаса мәнберіп, байыппен қабылдаңыз.
2 қадам Дұрысшешімөзқолыңызда
Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз.
Ата - аналардың, достарыңыздың ықпалынан шығаалмай қалмаңыз, олар не айтсада,
бұл – сіздің тағдырыңыз.
3 қадам Бейімділігіңізді ескеріңіз
Бастапқыда өз қалауыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз?
Мектеп бағдарламасынан қай пән ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз?
Адамдармен, әсіресе бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Сіздің бейміділігіңізге көп нәрсе байланысты.
4 қадам Өзіңізді сынақтан өткізіңіз
Бәрінен бұрын өзіңізді өз ой елегіңізден өткізіңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан мен нені қалаймын?
Бес жылдан кейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып,
болашақ мамандығыңыз туралы көп нәрсе білуге тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерін
 іс барысында көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын мекемелерге экскурсияға шығыңыз.
 Программист болғыңыз келсе, компьютерлік ойындарды ғана қанағат тұтпай, ең болмаса
бір қарапайым бағдарлама жазып көріңіз. Дайындық курстарына жазылсаңыз тіпті жақсы.
Ең дұрыс тәсіл жазғы каникул кезінде өзіңізді қызықтыратын саланың ең кіші қызметкері болып
жұмысқа тұрсаңыз, таңдауыңыздың дұрыс - бұрыстығына көзіңіз анық жетер еді.
5 қадам Сұранысты да назарда ұстаңыз
Болашақ мамандығыңыздың еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білуде пайдалы.
Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған конкурстарда, интернеттің еңбекке орналастыру
сайтында қандай мамандықтарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген
 болжамдардың да маңызы бар.
 Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызды қай жоғары оқу орнында қалай
 даярлайтынын анықтаңыз. Дегенімен, нарық қажеттілігі құбылмалы. 3 - 5 жылдан кейін мүлдем басқаша болуы мүмкін.
Демек, жүрегіңіздің таңдауына жүгінгеніңіз абзал.
6 қадам Мамандар не дейді?
Егер күдік - күмәннан арыла алмасаңыз, онда мамандардың көмегін пайдаланыңыз.
Мұндай кезде мектеп психологы немесе психолог - кеңесші мамандар жәрдемдесе алады. Сондай - ақ, қабілетіңіз бен бейімділігіңізді анықтауға көмектесетін арнайы психологиялық тесттер де бар.
7 қадам Қорытынды шешім
Мәліметтерді жинастыра келіп, өзіңіз ұнаған негізгі 5 - 10 позицияның тізімін жасаңыз. Одан кейін парағыңызды екі бөлікке бөліп, плюс және минус жақтарын тізіп, сынақ тәсілін жүргізіңіз.
Көңіліңізге қонбайтынын сызып тастаңыз.
 Тізімде 3 пункт қалған кезде тағы да қосымша ой елегінен өткізіп – ең соңғы шешім қабылдаңыз.

Мектеп психологтары  А.Акимжанова 
                            М.Сайдахметов