11 сынып оқушыларымен жүргізілген психологиялық жұмыс » Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 11 сынып оқушыларымен жүргізілген психологиялық жұмыс
01
июль
2023

11 сынып оқушыларымен жүргізілген психологиялық жұмыс

«Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп»  КММ

11 сыныптағы ҰБТ-ға қатысатын оқушылар мен ата-аналарына арналған жаттығулар

Тақырыбы:  Біз біргеміз!

Мақсаты: өзара қарым - қатынас қабілеттерін дамыту.
 Міндеттері: ашуды тарқатуға үйрету, өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған топтық жұмыстар, топпен жұмыс барысында мейірімділік атмосферасын орнату.
 Психологиялық технологиялар: музыкалық терапия, ойын терапиясы, арттерапия.

1.Жұптық жұмыс «Берілген сөздермен оқушыны сипаттау» ойыны

Топтар берілген сөздерді қолдана отырып ата – ана оқушылар туралы ақпараттарды жинай отырып сипаттау.

1. Кітап, алма, сегіз

2. Қалам, банан, сегіз

3. Дәптер, шие,сенім

4. Дайындық, алмұрт, екі

5. Қағаз, жүзім, болашақ

6. Сөмке, алма, мамандық

7. Жоғары, киви, университет

8. Сызғыш, банан, ақ

9. Жеңіс, сәбіз, 140

10. Білім, қырыққабат, бес

11. Сенімділік, гүл, ақ жол

12. Жүрек, үлкен,сенім

13. Человек, вера, белый

14. Будущее, внимание, университет

15. Песня, счастье, любовь

16. Цветы, мороженное, надежда

17.Память, пятница, закон

18. Новости, рука, семья

19.Воздух, дом, 140

20. Книга, яблоко, режим

21.Обед, понидельник, белый


2. «Мені тыңда!» ойыны
 
 Мақсаты: Қатысушылардың бір-бірін тыңдау қабілеттерін нығайту.
 
 Ойын шарты: Берілген    мәтінді келесі   жұпқа  айтып беру./ ары қарай келесі адамға/

Бір күні Қожа ұйықтап жатса, үйіне ұры кіреді. Ұры көп екен, үйдің ішіндегі нәрселердің көбін әкетіп, тысқа шығарып жатады. Қожа оянып, мұны көріп жатады да, бір кезде өзі де өзге қалған нәрселерін шығарыса бастайды. Тоқталмастан апарып, ұрылардың арбасына салып жатады. Ұрылар бұған аң-таң болып:
 
 — Е, мұның не? — дегенде, Қожа:
 
 — Е, біздің үй көшіп жатқан жоқ па, көмек етпей, жалғыз сендерге тасытқаным, обал емес пе? — депті.
 
 Қожа бір күні базарға барғалы жатса, қатыны бір кесе беріп: "Осыған еріткен май құйғызып әкел!" - деп тапсырады. Қожа май сатушыға кеп, бір қыдыру майды таразыға өлшетіп алып, енді кесесіне құйғызады. Май кеседен асып қалады. Сатушы:
 
 — Сыймайды ғой, енді қайда құямыз? - дегенде, Қожа жалма-жан кесені төңкеріп жіберіп:
 
 — Е, қалғанын мына жағына құй! — деп кесенің сыртқы түбін тосады. Осыған қалғанын құйғызып ап, сол бойында ұстап, үйіне келеді. Мұны қатыны керіп:
 
 — Сығыр-ау, мұнша аз алғаның не? Мұны не деп алдың? - дегенде, Қожа:
 
 — Жоқ, жалғыз бұл емес, мына жағында да бар, - деп, кесені енді шалқасынан көтеріп қалады. Сүйтіп, бар майды төгіп тауысады.


3. «Жүрек» пішіндегі пазлды құрастыру (2 минут)


№4 жаттығу. “Аялы алақан”. 

Әлеуметтік педагог: Көздері орамалмен байланған ата-аналар жәймен жүріп бір-бірінің қолдарын ұстап өзінің баласының қолын табады.

Оқушылар ата-анасының  қолы бар суретті анықтайды.

Жаттығу соңында әңгімелесу:

-қол кімдікі деп ойладыңыз?

-жұмсақ қолды табуға қалай әрекет жасадыңыз?

Ата- анаға кеңес: 

Баланың жүріс-тұрысына жіті мән беру. Баланың психикалық даму ерекшелігін естен шығармау. Оны тыңдай алу, сөзіне мән беріп, әңгімені кейінге қалдырмау. Баланың жеке кеңістігіне қол салмау, шешімдеріне сыйластықпен қарау. Шамасы келмейтін, өресіне сыймайтын талап қоймау. Жасөспірімдік кезде болатын өтпелі кезеңде мінезқұлқында гормондық дамуға байланысты болатын өзгерістерді есепке ала отырып, қарым-қатынас жасау. Баламен қарымқатынаста   жиі түсініспеушілік жәйттер орын алатын болса  маманның кеңесіне жүгіну.      Баланың дайындығына қойылатын арнайы бекітілген талап жоқ, дегенмен сақталуы керек бірқатар ережелер бар: Күн тәртібін жоспарлап қою. Уақытты тиімді пайдалану. Дұрыс, дұрыс тамақтану. Осыған атаана көбінесе жүрдім-бардым қарайды. Құнарлы, нәрлі, уақтылы  тамақтану адам денсаулығына, көңілкүйіне оңды  әсер ететіні айтпаса да түсінікті.  Ой еңбегінде дұрыс тамақтану өте маңызды. Отбасында жыжыл, жаймашуақ орта қалыптастыру. Дене жаттығуын жасату. Уақытында ұйықтатып, ұйқысын қандыру. «Баламыз күні-түні бас алмай кітапты жастанып ұйықтайды, әбден титықтады». Мұндай дайындықтан нәтижеден жоғары нәтиже шығады деу қиын. Күн тәртібі сақталмаса, ол стресс алуы мүмкін.      Қолы бос кезде: Сүйікті ісімен айналысу. Таза ауада серуендеу; Үй шаруасына көмектесу; Өзіне жүктелген міндеттерді атқару; Кітап оқу; Достарымен араласу т.с.с           Тамақтануы, ұйқысы бұзылса, оның себебін анықтау керек. Ол психикалық жарақат салдарынан болуы мүмкін.Жасөспірім шақта белгілі-бір мінез-қырлары айқын көрініс табады, соның салдарынан түрлі қиыншылықтар туындайды. Сондықтан бей-жәй қарамаңыз. Қанша уақытқа созылды? Соған мән беріңіз. Егер нақты бір жәйт әсер еткеннен кейін үйде қолдау көрсетілсе де оң өзгеріс болмаса, арнайы маманның (психолог, психотерапевт) кеңесіне жүгінген абзал. Стресс пен күйзеліске түскен балаға қалай көмектесеміз? Жақын тартып байыппен сөйлесу; Көңілкүйіне назар аудару; Мәнжайды анықтау; Баладағы өзгеріске сақтықпен қарау; Өз проблемасымен жалғыз қалдырмау; Проблемасына түсіністікпен қарап, сонымен бірге екенін білдіру; Көңілін аулау; Қызығушылығын ояту; Психологиялық қолдау көрсету; Стресске қарсы тәсілдерді – серуендеу, музыка тыңдау, дене жаттығуларын іске асыру.   Бұл еш нәтиже бермесе, арнайы маманның кеңесіне жүгініңіз. Айтылуы тиіс сөздер: ҰБТ – бұл  бар болғаны сынақ, ал сынақ нәтижесі әртүрлі болуы мүмкін. ҰБТ маңызды сынақ болғанымен де, оның көрсеткіші болашаққа еш кедергі бола алмайды. Өмір тек ҰБТ- дан тұрмайды, осы сәттегі сәтсіздік ол –  уақытша қиындық. Уақытша болғандықтан ол өтеді де кетеді. «Бұл баға маңызды болғанымен, ары қарай өмір сүрудің көрсеткіші бола алмайды. Сені жақсы көреміз.Мен саған сенемін. Сенің бар болғаныңа бақыттымын. Мен өзіңмен мақтанамын, сен біздің тірегімізсің. Кез келген сәтте өзіңмен біргемін. Ақылдым сол. Рақмет саған! Сені сағындым. Өзіңмен ақылдасқым келеді. Сенің шешіміңді құрметтеймін. Адам болған соң бәрі де қателеседі.

№5 жаттығу. “Топ жүрегі”.

Әлеуметтік педагог: Әр ұжымның, топтың жүрегі бар.

Қазір біз бір-бірімізге жақсылық сыйлаймыз. Мына кішкене жүрекке әркім өз есімін жазады, ортаға тастайды. Араластырған кішкене жүректі алып жақсы тілек айтып, үлкен жүрекке желімдейміз.

Өз пікірін, ойын,тілегін ортаға жеткізу.

Сұрақтар:

-Бүгінгі күн ұнады ма?

-Қандай көңіл күйдесіз?

-Тілегіңіз бар ма?

Әлеуметтік педагог: Сіздерге үлкен рахмет!

Хош сау болыңыз

Бір күні Қожа ұйықтап жатса, үйіне ұры кіреді. Ұры көп екен, үйдің ішіндегі нәрселердің көбін әкетіп, тысқа шығарып жатады. Қожа оянып, мұны көріп жатады да, бір кезде өзі де өзге қалған нәрселерін шығарыса бастайды. Тоқталмастан апарып, ұрылардың арбасына салып жатады. Ұрылар бұған аң-таң болып:
 
 — Е, мұның не? — дегенде, Қожа:
 
 — Е, біздің үй көшіп жатқан жоқ па, көмек етпей, жалғыз сендерге тасытқаным, обал емес пе? — депті.
 
 Қожа бір күні базарға барғалы жатса, қатыны бір кесе беріп: "Осыған еріткен май құйғызып әкел!" - деп тапсырады. Қожа май сатушыға кеп, бір қыдыру майды таразыға өлшетіп алып, енді кесесіне құйғызады. Май кеседен асып қалады. Сатушы:
 
 — Сыймайды ғой, енді қайда құямыз? - дегенде, Қожа жалма-жан кесені төңкеріп жіберіп:
 
 — Е, қалғанын мына жағына құй! — деп кесенің сыртқы түбін тосады. Осыған қалғанын құйғызып ап, сол бойында ұстап, үйіне келеді. Мұны қатыны керіп:
 
 — Сығыр-ау, мұнша аз алғаның не? Мұны не деп алдың? - дегенде, Қожа:
 
 — Жоқ, жалғыз бұл емес, мына жағында да бар, - деп, кесені енді шалқасынан көтеріп қалады. Сүйтіп, бар майды төгіп тауысады.














Қожаның үйіне бір күні шәкірттері жиылып келіп байқаса, қораның ішінде бір семіз тоқты тұр екен. Қожаның сойғалы семіртіп отырған тоқтысы болады. Шәкірттері Қожаның аңқаулығына сеніп, оны алдап, тоқтыны сойғызбақ болып, қасына жиылады да:
 
 — Қожеке-ай, мына тоқтыға көп еңбекті босқа сарп қылғаныңыз-ай! Енді қызығын көрмей қаласыз-ау! — деседі.
 
 Қожа:
 
 — Е, неге, неге қызығын көрмеймін? — дейді.
 
 Шәкірттер:
 
 — Ойбай, қайдан көресіз, ертең ақыр заман болатын бопты, - дейді.
 
 Қожа:
 
 — Ендеше, тоқты далаға бос қалмасын, мұны бірдеме қылайық, соның ақылын табындар, — дейді.
 
 Шәкірттері:
 
 — Ендеше, мұны дарияның жағасына апарып сояйықта, сонда асып жейік, сөйтіп, қызығын көріп өлейік, — деседі.
 
 Қожа: "құп" — дейді.
 
 Сонымен, дария жағасына барысып, тоқтыны сойып, етін қазанға асады да, шәкірттер Қожаға:
 
 — Сіз қазанға от жағып отыра тұрыңыз, біз мына суға түсіп қайтайық! — деп тегіс кетіп қалады. Қожа отырып қалады.
 
 Бір уақытта шәкірттер әбден шешініп, киімдерін жағада тастап, өздері тегіс суға түсіп кетеді.
 
 Олар сөйтіп, шомылып жатқанда Қожа барып, бәрінің жағадағы киімін жиып әкеледі де, қазанның астындағы отқа жағып, етті пісіріп отыра береді. Бір мезгілде шәкірттер судан шығады. Киімнен бәрі жұрдай болған. Қожаға жалаңаш келісіл:
 
 — Киім көрдіңіз бе? — дейді.
 
 Қожа:
 
 — Көрдім, мен бәрін әкеп, отқа жағып жібердім, — дейді.
 
 Шәкірттері безек қағып:
 
 — Ойбай-ау, не дейсіз? Ойбай, мұныңыз не? — дескенде, Қожа:
 
 — Е, өздерің ертең ақыр заман болады дегендерің қайда? Олай болса, киім неге керек? Онан да мына жеп өлетін ет піссін деп, мен әдейі отын қып жақтым. Керегімізге жараттым, — депті

«Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп» КММ

2022-2023 оқу жылы

Мерзімі: ақпан айы

Тақырыбы:  «Біз біргеміз!»11 – сынып оқушылары мен ата – аналарға жүргізілген жаттығулар.

Қатысушылар: 11 сынып оқушылары мен ата - аналар

Мақсаты: Ата – аналармен оқушылар арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Көңіл – күй сыйлау.

 Барысы:

1.Жұптық жұмыс «Берілген сөздермен оқушыны сипаттау» ойыны. 

Қатысушыларымызды   жемістеріміздің суреттерімен сәйкестендіріп жұпқа бөліп алдық.

2. «Мені тыңда!» ойыны
 Мақсаты: Қатысушылардың бір-бірін тыңдау қабілеттерін нығайту.
 Ойын шарты: Берілген     мәтінді келесі  жұпқа  айтып беру./ ары қарай келесі адамға/

3. «Жүрек» пішіндегі пазлды құрастыру (2 минут)

4.“Аялы алақан”. Көздері орамалмен байланған ата-аналар жәймен жүріп бір-бірінің қолдарын ұстап өзінің баласының қолын табады. Оқушылар ата-анасының  қолы бар суретті анықтады. Жаттығу соңында өз сезімдерімен бөлісті.

Қорытынды: Жүргізілген жұмыстар арқылы ата – аналар өзге балалар туралы ақпараттар жинады, таныстырды, жылы  қарым – қатынас орнатты. Балаларға сипаттамалар берілді. Кері байланыс жүргізу арқылы ата – аналардан  өз баларымыздың сипаттамаларын өзгеден есту жақсы көңіл – күй сыйлағанын айтып өз пікірлерімен бөлісті. Пазл арқылы ата –аналармен баланың өзара түсіністіктері ойларының бір жерден шығуы, өзара тыңдау сияқты  қасиеттерді көре білдік. Аялы алақан жаттығуында бір-бірлерін мейірлене құшақтап алғыс білдірді.


                                                Мектеп психологтары: А.Акимжанова 

                                                                      М.Сайдахметов